Барлық пайдаланушылар үшін екі қадамдық тексеруді өшіру

Сіздің есептік жазбаңыз үшін екі қадамдық тексеру қосулы болса және сіздің есептік жазбаңызда Жалпы функционал: Пайдаланушы рұқсаттары функционалдық аймағының Нысанның ACL тізіміндерін өзгерту құқығы болса, сіз барлық пайдаланушылар үшін екі қадамдық тексеруді өшіре аласыз. Егер сіздің есептік жазбаңыз үшін екі қадамдық тексеру қосылмаған болса, оны барлық пайдаланушылар үшін өшірмес бұрын, есептік жазбаңыз үшін екі қадамдық тексеруді қосу керек.

Барлық пайдаланушылар үшін екі қадамдық тексеруді өшіру үшін:

  1. Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Сипаттар терезесінің Аутентификация қауіпсіздігі қойыншасында барлық пайдаланушылар үшін екі қадамдық тексеру қосқышын өшіріңіз.
  3. Түпнұсқалық растама терезесінде өзіңіздің есептік жазбаңыздың есептік деректерін енгізіңіз.

Барлық пайдаланушылар үшін екі қадамдық тексеру өшірулі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Барлық пайдаланушылар үшін екі қадамдық тексеруді конфигурациялау

Сіздің есептік жазбаңыз үшін екі қадамдық тексеруді қосу

Басына оралу